18 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі Ұлы Жеңістің 74жылдығына орай «Ерлік- елге мұра » - әдеби- сазды кеші өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен , ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеу.
Кеште тыңдаушылар ретінде Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери- техникалық мектебі», Ақтөбе Гуманирлық колледжінің студенттері жетекшілерімен қатысуымен өткізілді.
Шара барысында өздері арнайы дайындаған соғыс тақырыбына арналған патриоттық ән орындап, ұлттық аспап домбырамен және би көріністерін көрсетті.
1945 жылғы Жеңіс шеруі туралы деректі фильм көрсетілді.
Қорытынды сөз музей директоры Е.Қалтаеваға берілді.
Шара соңында экскурсия тыңдады.