2026 жылдың 4 маусым күні мемориалды музей Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай №51 мектеп-гимназиясының жанынан құрылған жазғы лагері оқушыларына «Менің елімнің рәміздері» атты шара өткізілді. Шара барысында оқушыларға Мемлекеттік Рәміздердің тарихы мен маңызы туралы дәріс оқылды. Патриоттық тәрбиеге бағытталған мәлеметтер берілді.
Іс-шараның мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, шығу тарихы жөнінде бейнематериал көрсетілді.
Сонымен қатар, «Әлия – ерліктің мәңгі алауы» жылжымалы көрмесі қойылып, экскурсия жүргізілді.
