Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Григорий Мясоедов (125 жыл), Василий Андреев (120 жыл), Николай Оноприенко (115 жыл), Николай Королёв (105 жыл), Василий Синчук (105 жыл), Михаил Фурсов (100 жыл) ақтөбелік батырлардың мерейтойлық даталарына арналған танымдық іс-шара өтті.
Шара ақтөбелік батырлар туралы тарихи жадыны сақтау және насихаттау, Отан қорғаушылардың ерлігіне құрмет көрсету, сондай-ақ жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы үлесі туралы білімдерін кеңейту және жоғары марапаттарға ие болған ерлерді ұлықтау мақсатында өткізілді.
Ұлы Отан соғысындағы батылдықтары мен ерліктері үшін ақтөбелік 35 жауынгер Кеңес Одағының Батыры, 9 жауынгер Даңқ орденінің үш дәрежесінің Иегерлері атанды.
Іс-шара барысында батыр ақтөбеліктердің өмірі мен ерліктері туралы мәлімет беріліп, фильм мен слайдтар көрсетілді, сондай-ақ «Батыр ақтөбеліктер» галереясы таныстырылды.
Іс-шара соңында «Батырлар аллеясы» батыр ақтөбеліктердің ескерткіш стелаларына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ақтөбе политехникалық колледжі оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ музей қызметкерлері қатысты.
