Slider

«Ұлы Жеңіс-мәңгілік ел жадында» көрме ашылуы

2026 жылы 5 мамыр күні сағат 15.00-де Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музей 9 мамыр Жеңіс күніне арналған  «Ұлы Жеңіс-мәңгілік ел жадында» атты музей қорындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің заттай бұйымдарынан жасақталған көрме ашылды.

Іс-шараның мақсаты: соғыс жылдарындағы майдангерлердің ерлігі мен жанқиярлығын насихаттау, олардың жеке заттары арқылы тарихи шындықты көрсету және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сонымен қатар халықтың Ұлы Жеңіс жолындағы бірлігі мен батырлығын дәріптеу және келушілердің тарихқа деген қызығушылығы мен құрметті арттыру.

Көрмеде Ұлы Отан соғысына қатысқан 45 ақтөбелік  жауынгерлерінің фотопортреттері, медаль-ордендері, құжаттары қойылып, барлығы 70 экспонат, «Ақтөбелік батырлар» инсталляциясы ұсынылды.

Көрме жауынгерлердің күнделікті өмірі мен майдандағы тұрмысымен таныстыруға мүмкіндік беріліп, тарихи жәдігерлердің құндылығы мен маңызы түсіндірілді.

Шара барысында ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары туралы мәлімет беріліп, сондай-ақ музей залы бойынша экскурсия өткізілді.

Шараға қатысушылар: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушылары мен студенттері, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гиназиясының ұстаздары, оқушылары қатысты.

 

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.