Slider

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай «Әскери жолмен, жігерлі ұлан болайық» атты шара

Жайсан көпсалалы колледжінде «Әскери жолмен, жігерлі ұлан болайық»  ұранымен Отан қорғаушылар күніне арналған тағылымды іс-шара өтті.

Аталған іс-шара Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейінің бастамасымен Мәртөк аудандық кітапханасы және Жайсан колледжімен бірлесе ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту болды.

Іс-шара барысында қатысушылар азаматтық борыш, ар-намыс, патриотизм және Отан алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жастардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылып, әскери қызметтің ерлік пен төзімділік мектебі ретіндегі мәні кеңінен талқыланды.

Осындай мазмұнды кездесулер жас буынның тарихи санасын қалыптастырып, ел батырларына деген құрметін арттырады. Бұл – болашақта Отан қорғауға дайын, елжанды азаматтарды тәрбиелеудің маңызды қадамы.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.