Slider

«Ұлы Жеңіс-мәңгілік ел жадында» көрме ашылуының

АҚПАРАТЫ

2026 жылы 5 мамыр күні сағат 15.00-де Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс-мәңгілік ел жадында» атты музей қорындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің заттай бұйымдарынан көрме ашылуын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: соғыс жылдарындағы майдангерлердің ерлігі мен жанқиярлығын насихаттау, олардың жеке заттары арқылы тарихи шындықты көрсету және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сонымен қатар халықтың Ұлы Жеңіс жолындағы бірлігі мен батырлығын дәріптеу және келушілердің тарихқа деген қызығушылығы мен құрметін арттыру.
Көрмеде Ұлы Отан соғысына қатысқан 45 ақтөбелік жауынгерлерінің фотопортреттері, 70 экспонат - медаль-ордендері, құжаттары қойылып, «Ақтөбелік батырлар» инсталляциясы ұсынылып тұр.
Көрме жауынгерлердің күнделікті өмірі мен майдандағы тұрмысымен таныстыруға мүмкіндік береді және тарихи жәдігерлердің құндылығы мен маңызын түсіндіреді.
Шара барысында ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары туралы мәлімет берілді, сондай-ақ музей залы бойынша экскурсия өткізілді.
Шараға қатысушылар: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушылары мен студенттері және А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушылары.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.