Slider

«Тарихпен сұхбат» атты музейлік сабақ

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен 1-курс студенттерінің қатысуымен өткен «Тарихпен сұхбат» атты музейлік сабақ алда келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналды.

Іс-шараның мақсаты: жастар арасында Ұлы Отан соғысы оқиғаларына деген құрметін қалыптастыру, ерлік үлгісі арқылы патриоттық сезімдерін дамыту, азаматтық жауапкершілік пен ел тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Мероприятие екі бөлімнен тұрды:

  1. «Әлия – ерліктің мәңгі алауы» экскурсиясы
  2. Тапсырмаларды орындау

 Сабақ барысында студенттер Әлия Молдағұлова өмірі мен ерлігі туралы экскурсия тыңдап, алдын ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасады.   Олар батырдың өмірінен 3 факт айтып, оның ерлікке жетуіне әсер еткен қасиеттерді анықтап, ерекше әсер қалдырған музей экспонаты туралы пікірлерімен бөлісті.

Тапсырмалар негізінде студенттер мазмұнды баяндамалар жасап, Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер мен өз шығармашылық туындыларын оқыды.

Жалпы, қатысушылар тарихи материалдармен танысып, батыр қыздың өмір жолын талқылап, ерлердің ерлігін еске алды. Сабақ студенттердің патриоттық тәрбиесін нығайтуға, тарихи жадты сақтауға және ел тарихына қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.