previous arrow
next arrow
Slider

«Вахта Памяти-2019»

24 сәуірде    «Мәңгілік от алау»  Даңқ мемориалды алаңында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейіАқтөбе қаласының 150 жылдығы аясынла, Тверь облысы  Оленино ауданы  фашистік  басқыншылардан азат етілгеніне75 жыл және  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай  ұйымдастырылғанақтөбелік іздестірушілерді бүкілресейлік «Вахта памяти» акция- экспедициясына  салтанатты шығарып салды. Шараның мақсаты: «Естелік Вахтасы» аясында  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп  еске алу, олардың  мүрделерін тауып, арулап қайта жерлеу, музейге соғыс кезінде қолданылған заттарды, жеке заттары мен құжаттарын тапсыру. Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің фамилияларын  «Естелік» кітабына енгізу.

Ақтөбе  Облыстық ішкі саясат басқармасының  бастығының орынбасары, Облыстық қорғаныс істері департаменті, «Үкіметтік емес ұйымдарының Ақтөбе облыстық  Ассоциациясының  төраймы, «ҮЕҰ» өкілдері, Ақтөбе қалалық жауынгер- интернационалистер, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігі, ҚР Қорғаныс министрі «Әскери-техникалық» мектебінің курсанттары,Кеңес  Одағының  Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің  қызметкерлері, №3, 19 мектеп оқушылары мен Ақтөбе қаласының тұрғындары шарағақатысшты.

Шара аясында шақырылған қонақтарға, естелік фахтасына қатысушыларға сөз беріледі. Шараға қатысушылар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің  ерлігіне  басып  иіп, бір сәттік үнсіздік жариялап, еске алды.Шара соңында «Мәңгілік от алау» мемориалды ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.