Жаңа Конституцияның қабылдануына арналған музейде «Конституция – тәуелсіздік тірегі» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы ақпарат берілді.
Жалпы мәліметтер: Конституцияны сайлаушылардың 87% қолдады, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, 1995 жылғы Конституцияның орнына қабылданды. Енді жыл сайын Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі.
Негізгі өзгерістер: Конституция мәтінінің 84% жаңартылды, бір палаталы парламентке көшу көзделген, вице-президент лауазымы енгізілді, сондай-ақ жаңа орган – Халық кеңесі құрылды.
Іс-шара соңында «Жаңа Конституция – елдің болашақ дамуы» атты тақырыптық бейнефильм көрсетілді.
