Slider

«Жәдігер сыр шертеді» естелік акциясының қорытынды шарасы

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды  музейінде  22 сәуір, сағат 15.00-де музей қорын толықтыруға  бағытталған «Жәдігер сыр  шертеді» Естелік акциясының қорытынды шарасы өтті.

Музей қорында 11529 жәдігер сақталған. Музей қорын толықтыру саны   жыл сайын артып келеді. Артуының басты себебі,  осындай акциялардың ұйымдастырылуы.

Акция барысында музей қорын толтыруға өзінің зор үлесін қосқан Әлияның сіңлісі Тәжен Жанабергенова әкесі Нұрмұхамбет Сарқұловтың өмірбаяны мен чемоданын музейге сыйлады. 2025 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» кітабы шығарылған болатын. Осыған орай, Әлия Молдағұлованың нағашы сіңлісі Ария Бисембайқызы Әлия Молдағұлова туралы әкесінің естеліктері бойынша өмірдерегін жазып берді.  Музей ардагерлері Айша Утеулина, Елена Сәрсеналықызының музей тарихына қатысты жинақтаған материалдарын, фотолары мен марапаттарын, «Жауынгерлік Бауырластық» қоғамдық қорының басшысы  Гумер Галеев соғыс тақырыбында жазылған кітаптар, соғыс ардагерлері Шенеқұл Тлембаев, Әлім Үсенов, Жалмағамбет Үсенов, Мұхит Ділмағамбетов, Әмір Дауолов, Ғабдірғалім Өміртаев, Жұмабек Макешовтердің медаль-ордендері, құжаттары мен жеке тұтынған заттарын ұрпақтары, музей қорына   сыйға берді.

Соғыс жылдарындағы ақтөбеліктердің еңбектегі ерліктері туралы кітап жазған Асау Канимкуловтың кітабын  қызы Фатима Асауовна, «Мерген Ару» пьессасымен «Ұлы дала шығармашылық байқауында «драмматургия» номинациясы бойынша 2-ші орынды иемденген драмматург Тайбек Абдуллин марапаты мен қолжазбасын, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушысы Айсұлтан Бекет батырға арналып шыққан медаль мен кітабын музей қорына тапсырды.

Сонымен қатар жыл бойы музей қорына  түскен экспонаттардан көрме жасақталып, экспонат тапсырушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Естелік акциясы жылма-жыл осы кезеңде  қорытындыланып отырады. Бір жылдық мерзім ішінде осы акция нәтижесінде қор 302 жәдігерге толықтырылды. 

 

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.