Slider

«Бәкір Тәжібаев – бекзат болмысты ақын» атты шара

Бүгін Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Байғанин аудандық музейінің ұйымдастыруымен ақын, сазгер, драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Бәкір Тәжібаев – бекзат болмысты ақын» атты рухани-танымдық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты: ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның ұлттық руханияттағы алар ерекше орнын дәріптеу. Жас ұрпақтың бойында өнерге сүйіспеншілік сезімдерін сіңіре отырып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік бейнесін жыр арқылы дәріптеген шығармаларын таныту. Сондай-ақ, туған өлке перзентінің өнегелі өмір жолын үлгі ету арқылы рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге үлес қосу.

Іс-шара барысында Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, ақынның баласы Жасұлан Тәжібаевтың арнайы жолдаған бейне сюжеті көрсетілді. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Қос шолпан», «Әлия» әндері орындалып, Байғанин аудандық музейі мен Әлия музейі қорынан жасақталған жылжымалы көрме көпшілік назарына таныстырылды.

Рухани кешке ақынның жиеншары Мырзабек Мырзағұлұлы, жерлестері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, ақын-жазушылар, музей қызметкерлері, жастар, студенттер және Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінің «Әлия» патриоттық клубының мүшелері қатысты.

Тағылымы мол кеш ұлттық руханиятты ұлықтап, тұлға мұрасын кейінгі ұрпаққа дәріптеуге бағытталды.

 

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.