previous arrow
next arrow
Slider

«Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені»

2019 жылдың 30 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне арналған  «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені » - салтанатты шара өткізілді.

Мақсаты: өскелен ұрпаққа бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу; қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу; басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Қазақстан Халықтар бірлігі күні 1996 жылдан аталып өтеді. Бұрын Еңбекшілердің ынтымақ күні болып мерекеленген. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 1995 жылғы 18 қазанда Жарлығы бойынша 1Мамыр - Халықтар бірлігі күні болып жарияланды.

Ақтөбе облыстық Халықтар Ассамблеясының «Оксана» этномәдени бірлестігінің өкілі Любовь Нэшко сөз сөйлеп, көрермендерге өз ұлтының өнерін ұсынып көрсетті.

Шараға  «Сымбат»  жеке мектебі, №3 орта мектебінің оқушылары, Ақтөбе гуманитарлық  колледжінің студенттері мен  жетекшілерінің  қатысуымен өткізілді.

Шара барысында студенттер мен оқушылар, өздерінің дайындаған мерекелік ән, би, өлең және өз ұлтының дәстүрімен таныстырып өтті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.