Slider

«Береке бастауы – Наурыз» атты мәдени іс-шарасы өтті

Көктемнің шуағын ала келген әз-Наурыз мерекесі аясында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Береке бастауы – Наурыз» атты мәдени іс-шарасы өтті.

Іс-шараға музейіміздің ардагерлері арнайы қатысып, ақ батасын беріп, жас ұрпаққа өнегелі ой-пікірлерімен бөлісті.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мерекелік басқосуда халқымыздың бай мұрасы – асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас сынды дәстүрлі ойындар кеңінен насихатталып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Кеш барысында әуелеген ән мен жүрек тербеген жыр шашу болып шашылып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.