Slider

Рухани қазына -2025

Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында музей экспозициясы заман талабына сай жаңартылып, цифрлық технологиялармен толыққан жаңа мазмұнда қайта жасақталды. Бұл жаңғыру тек көрме кеңістігінің өзгеруі ғана емес, батыр тұлғасын заманауи форматта ұғындыруға бағытталған тың қадам болды.

Жаңартылған экспозиция көрерменге жаңа бағыт ұсынып, тарихи деректерді интерактивті тәсілдер арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрлық шешімдер мен заманауи технологиялар келушілерді оқиғалардың бел ортасына жетелеп, өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын көпірге айналды. Осылайша, музей кеңістігі тек ақпарат ұсынушы орын емес, терең рухани таным мен тағылым ордасына айналды.

Реэкспозиция нәтижесінде қалыптасқан мазмұнды әрі жаңашыл музей 2025 жылы өткен Рухани қазына республикалық байқауында бақ сынап, ұлттық мәдени мұраны жаңғырту жолындағы ізденістерін паш етті. Бұл – музей ұжымының кәсіби ізденісі мен тарихи құндылықтарды заманауи форматта ұсынуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.

Аталған жоба – өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп, келешекке бағыт-бағдар беретін маңызды бастама. Музейдің жаңарған келбеті рухани құндылықтарды дәріптеудің жаңа белесін айқындап, ұлттық тарихты танытудың тың үлгісін қалыптастырды.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.