2026 жылғы 14 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай батырдың туған өлкесі «Әлия» ауылында «Өшпес ерлік» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
«Өшпес ерлік» кітабы - Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін жан-жақты баяндайтын, батыр қызымыздың асқақ тұлғасын ашатын маңызды мұра және жас ұрпаққа үлгі етуге арналған тағылымды энциклопедиялық жинақ. Жинақ барысында музей қорындағы құнды мәліметтер ұсынылды.
Кітаптың авторлары – Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаты - Амангелді Нұғманов және генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Абай Тасболатов.
Аталмыш шара барысында батырдың туыстары, зиялы қауым өкілдері сөз алып, кітаптың жас ұрапққа берер тәлімінің зор екенін сөзге тиек етті.
