Музей жанашыры Санкт-Петербург қаласының тұрғыны, 100-ден аса фильмге түскен кино актер, 20-дан астам кітап жазған Шерхан Абилов қорымызға соғыс тақырыбында жазылған 25 кітапты сыйға берді. Әскери мемуарлар, маршалдар туралы естеліктер, қоршаудағы Ленинград пен Ұлы Жеңіс туралы кітаптар музей қорын толтырмақ. 2025 жылы Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай, Шерхан Әбдиұлы музейге 100 жәдігер сыйлап отыр.