previous arrow
next arrow
Slider

«Тарихтың тұлғалық бейнесі суретші шығармасында»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында суретші Сағынтай Әлімбетовтың «Тарихтың тұлғалық бейнесі суретші шығармасында» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Мақсаты – суретші Сағынтай Әлімбетовтың шығармашылығымен таныстыру, туындыларын көруге мүмкіндік беру. Жастарды суретшінің шығармашылығы үлгісінде отансүйгіштікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өкілдері, ақтөбелік суретшілер шақырылды. Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің көркемсурет және дизаин факультеті оқытушылары мен студенттері, облыстық шығармашылық академиясының, қалалық оқушылар сарайының, қалалық көркемсурет лицейінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Шара барысында суретші өмірі мен шығармашылығынан мәлімет берілді. Замандастары мен жұмыстастарының ол туралы айтқан естеліктері тыңдалды. Көрменің ашылуына С.Әлімбетовтың қызы Айкерім Әлімбетова қонақ ретінде қатысып, сөз сөйлеп, музей қорына суретшінің туындысын тарту етті.

Суретшінің 40 астам картиналары көрмеге қойылды. Шара соңында жүргізушінің экскурсиясы тыңдалып, келушілер көрмені тамашалады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.