25 қазан – Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы Қазақстан» тақырыбында танымдық шара өтті.
Шараның мақсаты Республика күнінің құндылығын, қазақ тарихындағы маңыздылығын аша түсіп, Отанына, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін арттыру.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мәден Асылбек Төреханұлы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.