Бүгін, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейімен жасалған ынтымақтастық меморандум аясында, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы әдеби-мемориалды музейінде Республика күніне арналған «Әлия – қаһармандық дастаны» жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы қарсаңында өмірін, ерлік жолын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттыққа тәрбиелеп, музейдің сабақтастығын нығайту.
Көрмеге батыр қыздың ерлігі мен өмірін көрсететін ақпараттандырылған көрмемен қатар мемориалды музей қорынан экпонаттар қойылды.
Көрмемен Жабыл ауылдық округінің әкімдігінің қызметкерлері, мәдениет үйінің қызметкерлері, Жамбыл орта мектебінің, Әбдіразақ Мәми атындағы негізгі орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, Қытай Халық Республикасынан келген қонақтар, “Аманат” партиясының мүшелері және музей қызметкерлері танысты.