previous arrow
next arrow
Slider

«Қазақ халқының 1941-1945 жылдардағы соғыстағы жаппай ерлігінің көркемдік көрінісі»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп Қазақ халқының «1941-1945 жылдардағы соғыстағы жаппай ерлігінің көркемдік көрінісі» тақырыбында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Жаңабаевпен, PhD докторант мәдениеттанушы Тургенбаева Айжан Шоханқызымен кездесу кешін өтті.

Кездесу кешіне Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің, №27 орта мектеп-лицеінің, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының «Әлия» патриоттық клубының мүшелері, жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдері, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ  мұғалімі Аспантаева Лида Батырбековна  оқушыларымен және кітапхана, музей қызметкерлері қатысты.

Шараның мақсаты қалам мен қаруды қатар ұстаған майдан ақын-жазушыларының ерлік істерін баяндайтын шығармалары арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу және жастарды өз тарихын терең ұғынуға, шын бағалай білуге, рухани, мәдени  құндылықтарымызды қастерлеуге дәріптеу.

Шара барысында қоғам рөліндегі қазақ әдебиетіндегі орны, 1941-1945 жылдардағы соғыс жағдайындағы жаппай ерлігікпен қоса қалам тербеген қайраткерлері және олардың жазған еңбектері, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігінің қазақ әдебиетінде көрінісі тақырыбында сөз қозғалды. Және де С.Жиенбаев атындағы кітапханадан шағын көрме ұсынылып, музейдің іс-шараларына қатысып жүрген бірқатар мектептер мен мұғалімдер марапатталып, шара соңында М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ мұғалімі Аспантаева Лида Батырбековна оқушыларымен өнер көрсетті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.