Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесінде Өрт сөндіруші мамандарға Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бас қор сақтаушысы Толқын Жаңабергенова мен музейдің бас ғылыми қызметкері Сәулеш Тәжбенова Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған лекция өткізді.
Лекция барысында Рейхстагқа ту тіккен батырымыздың өмірі мен ерлігі насихатталды. Тақырыпқа сай, бейне ролик пен слайд көрсетілді. Лекция онлайн-офлайн форматта өтті. Дәрісті Батыс Қазақстан өңірінің 1000-нан астам өрт сөндірушілері тыңдады.