Ақтөбе ауданының әскери полиция базасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті» атты кездесу өтті. Тақырыптық ақпараттық сағатты профилактика және статистика бөлімінің аға маманы ефрейтор Маймақова Сандуғаш Нұрғалиқызы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға, қызметкері капитан Бисенғалиев Бақытжан Бауыржанұлы сөз сөйлеп, бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілер арасындағы кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы заңдарды түсіндірді.
Спикер Қазақстан әскери қызметшілерінің отбасыларындағы зорлық-зомбылық мысалдарын келтіріп, алдын алу жұмыстары туралы айтып берді. Маман кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты осындай әрекеттері үшін заңда бұрын жазылған әкімшілік жаза қылмыстық жазаға ауыстырылғанын, бұл одан әрі жұмысқа орналасуға және өмір жолына сөзсіз кері әсер ететін салдарға әкеп соқтыратынын ерекше атап өтті.
Содан кейін полиция қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара сұрақ-жауап түрінде жалғасты.