24 маусым күні музей келушілеріне, соның ішінде жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жеткіншектерімізге, орта буын өкілдеріне «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Шара барысында ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен, көрнекіліктермен дәлелдеп түсіндірілді және нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу жолдары туралы мәліметтер берілді.