Бүгін, Әлия Нұрмұхамедқызының туған күні кіндік қаны тамған жері Қобда ауданының Бұлақ, сонымен қоса Әлия ауылдарында аталып өтті.
Шараға батырдың туған-туыстары, мәдениет басқармасы, Қобда ауданының әкімдігі, Қобда ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі, ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шара барысында батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, патриоттық әндерден облыстық байқау өтті.