Бүгін ерліктің дастаны, әйгілі жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне орай тағылымы мол шаралар Бұлақ ауылдық округінде өтті.
Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев, мәдениет, тілдерді дамыту архив және құжаттамалар басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, батырдың туыстары, лауазымды тұлғалар, зиялылар мен мектеп басшылары батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылында, Әлия ауылындағы ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып тағзым етті. Батырдың дүниеге келгеніне 99 жыл толуына орай Әлия ауылдық мәдениет үйінде облыстық патриоттық әндер байқауы, «Әлия» патриоттық орталығында волейболдан турнир, әскери ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.