previous arrow
next arrow
Slider

«Батырлықтың қасиетті тұмары» атты салтанатты шара өтті

15 маусым - Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың туған күніне орай мемориалды кешені алаңында «Батырлықтың қасиетті тұмары» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы заң институтының офицерлер құрамы қатысып, гүл шоқтарын қойып, Батыр қыздың ерлігіне тағзым етті.

Бүгінгі шара жауынгерлік жолы қысқа болсада, ерлігі даңқы мәңгілікке өшпес із қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлік жолын, батырлық болмысын, Отанға деген адал қызметін насихаттай отырып, Отанға, елге, жерге деген жасұрпақтың рухани, патриоттық сезімін арттыруға негіз болды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.