15 маусым - Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың туған күніне орай «Батырлықтың қасиетті тұмары» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға батыр қыздың туған-туыстары, 40 жылдан астам Ә.Молдағұлованың өмірін зерттеуге саналы ғұмырын арнаған Ғ.Байдербестің ұрпақтары, 312 атқыштар дивизиясының жауынгері В.Сысоенконың ұрпақтары, 1941-1945 жж. тарихты зертеуші өлкетанушылар, Облыстық мәдениет басқармасы, Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері, М.Бөкенбаев атындағы заң институты, әскери полиция, әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қоры, 6655 Ұлттық ұлан әскери бөлімнің оркестрі мен сарбаздары, 30238 әскери бөлімдерінің қызметкерлері мен сарбаздары, облыстық кеңес ардагерлері, Қалалық Мәдениет үйінің «Әлия гүлі» Халықтық ұжым қазақ би ансамблінің жанынан құрылған «Әлия-Мәншүк-Хиуаз» атты қыздар патриоттық клубы, Халықтық ұжым «Сұңқар» вокалдық ансамблі мен Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінің «Әлия» патриоттық клубының мүшелері қатысты.
Бүгінгі шара жауынгерлік жолы қысқа болсада, ерлігік даңқы мәңгілікке өшпес із қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлік жолын, батырлық болмысын, Отанға деген адал қызметін насихаттай отырып, Отанға, елге, жерге деген жасұрпақтың рухани, патриоттық сезімін арттыруға негіз болды.