30 мамыр күні шығармашылық академиясында Рейхстагқа тұңғыш ту тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев пен ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойларына арнап “Батырлар ерлігі - ұрпаққа үлгі” атты республикалық тарихи - танымдық шара өтті.
Аталмыш шара барысында Р.Қошқарбаевтың немересі Дәурен Қошқарбаев, Р.Қошқарбаевтың тұлғасын тұңғыш зерттеуші К.Қазыбаевтың жары Орынша Қарабалина, «Қазақ» газетінің редакторы, С.Нұрмағамбетов атындағы қоғамдық қорының белсенді мүшесі Қ.Қамбаров өздеріне белгілі ақпараттармен бөлісті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, жоғарғы, арнаулы оқу орындары мен жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің оқытушылары, әскери бөлімнің қызметкерлері мен курсанттары, жастары, қаламыздың студенттері мен тұрғындары қатысты.