7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай жастарға әскери тәрбие беру ісін жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғаумен, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлім аумағында А.Байтұрсынұлы атындағы лингивистикалық мектеп-гимназиясының “Әлия” патриоттық клубының мүшелері мен музей қызметкерлері «Ашық есік» күні аясында ұйымдастырылған патриоттық шараға қатысты.
Әскери бөлім аумағында әскери қару-жарақтар мен әртүрлі көлік түрлерімен, жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатанда жасақталған «Даңқ» бұрышына арнайы экскурсиялар жүргізіліп, жауынгер ас мәзірінен дәм татып, суретке түсті.
Шара соңында ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің мамандары Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған бейнеролик көрсетіп, жастарға Отан алдындағы борышын атқару кез-келген адамның міндеті деп сөзін қортындылады.
Ашық есік күні оқушылардың көңілінен шығып, алдағы жылы да келуге уәде берді.
Музей директоры Ж.Максутова әскери қызметкерлерге зор ризашылығын білдіріп, Алғыс хат тапсырды.