8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мемориалды музей ұжымы облыстық бұқаралық ақпарат құралдары саласының нәзік жандыларына арнап мерекелік құттықтау ұйымдастырды. «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Диапазон» газеттері мен «Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналарының тілшілері мен журналистеріне құттықтау тілектерін арнап, бағалы сыйлықтармен ризашылқтарын білдірді.
БАҚ өкілдері Мейрамгуль Сатаева, Татьяна Виноградова, Адина Жасаганбергенова, Венера Сергазина мен Лариса Беляковалар көп жылдар бойы музейдің патриоттық бағытта жүргізген іс-шараларынан белсенді ақпараттар жариялап, қолдау көрсетіп келеді.
Шараның мақсаты: өлкенің тарихы мен бай мұрасын, аңызға айналған тарихи тұлғалардың қосқан үлесін зерделей білуге бағытталған іс-шараларды жедел көрсету арқылы жан-жақты дамыған өскелең ұрпақты тәрбиелеу.