Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін ерекше адам жанына ләззат сыйлайтын Алғыс айту күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі барша халыққа арнап өз алғыстарын, ыстық – лебіздерін жолдады.
Сондай-ақ музейге келуші қонақтарға алғыс күнінің басты нышаны болып саналатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі- құрттан шағын дәм ұсынды.
Шараның мақсаты бұл күнді жасұрпақ бойына кеңінен насихаттап, патриоттық сезімді нығайта отырып, мейрімділікке тәрбиелеу. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікті, сыпайылық қарым-қатынасты, кішіпейілділікті, ізеттілік пен ризашылықты қалыптастыру.