Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен әскери қайраткер, полковник, жерлесіміз Ким Серікбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Батыр ағаның шапағаты» тақырыбында тарихи – танымдық шара өтті.
Тарихи – танымдық шараға Ким Серікбаевтың туысқандары Дербисалина Алтынай Куанышевна, Калдыгулов Серик Тажикович, Қорғаныс Істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің қызметкерлері, полиция департаментің қызметкерлері, М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің әскери кафедрасының курсанттары, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің студенттері, М.Арын атындағы ҚҚОМ оқушылары мен музей қызметкерлері қатысты.
Тарихи-танымдық шара барысында ғұмырын ел қорғанысына арнаған нағыз сардар Ким Серікбаевтың өмірінен бейне сюжет көрсетіліп, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған жылжымалы көрме таныстырылып, музей қонақтары естелік әңгімелерден сыр шертті.