previous arrow
next arrow
Slider

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

13 ақпан күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жылдары»  Ауғаныстаннан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл тоуына орай ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: Ауған соғысы жауынгерлерінің ерлігі мен батылдығын насихаттау; өз елі үшін, отандастары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, аға буынға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Іс – шара қонақтары: ауған соғысының ардагерлері: Бердіғалиев Жонысқали Күзайұлы, Зейнеденов Нұрлан Әлмұратұлы, Мурсалимов Ермекбай Жеткеншікұлы, Галеев Гумер Абдулвалиұлы, Ғабдрахманов Елемес Еламанұлы, Ақтөбе облысының қорғаныс департаментінің өкілі, Ақтөбе облысының мәдениет басқармасының өкілдері, ҚРҚМ әскери полиция бөлімінің офицерлік құрамы Ақтөбе горнизоны, Ақтөбе қаласының ҮЕҰ өкілдері.

Іс-шараға қатысушылар: Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің «әскери-техникалық мектебі» РМҚК Ақтөбе филиалының әскерге шақырылушылары.

Шара барысында: тақырыптық фильмдер көрсетіліп, шара қонақтары сөз сөйлеп, ауған ардагерлеріне құттықтау тілектерін білдірді.  Әскери-техникалық мектеп сарбаздары шара келушілерінеғ кездесу иелеріне арнап патриоттық әндер шырқады. Шахислам-«Сұңқар» вокалдық ансамблінің солисі  Әбдіғазиз Шахислам «Қазақтың ұлдары» әнін көпшілікке тарту етті. Ауған соғысының ардагерлері жастарға  ерлік, отансүйгіштік сезімдердің асқақ екенін айтып жеткізіп, шара қатысушыларының, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.