previous arrow
next arrow
Slider

«Ерлікке мың тағзым» атты еске алу шарасы өтті

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі және «Жауынгерлік бауырластық» іздестірушілер тобының ұйымдастыруымен 22 маусым Ұлы Отан соғысы басталған күніне орай «Ерлікке мың тағзым» атты еске алу шарасы өтті.

Мақсаты: ел-халықтың үрейін алған отты жалынның өткеніне 82 жыл толсада  ардагерлеріміздің ерлігін одан әрі ұлықтау. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Аталмыш шарада орналасқан 312 атқыштар дивизиясына жәнеоның командирі болған А.Наумовтың ескерткіш тақтасына, белгісіз жауынгер кешеніне гүл шоқтары қойылды.

Шараға жауынгерлердің ұрпақтары, қала тұрғындары, «Жауынгерлік бауырластық» іздестірушілер тобы құрамы, музей қызметкерлері қатысты. 

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.