4 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Әлия музейінде «Тарихымыздағы үш нышан белгісі» атты патриоттық сағат өтті.
Шараға Қалалық жас туристер стансасы жанынан құрылған «DocSTAR» туристік-өлкетану жазғы лагерінің демалушы оқушылары қатысты.
Мақсаты: Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Патриоттық сағат аясында рәміздерге қатысты деректі фильм , тақырыптық интерактивті ойындар ұйымдастырылып, оқушылар мерекелік жыр-өлеңдерін оқыды.