Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты ойын-сауық мерекесі өтті.
Шараға Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектептің 2 “а” класының оқушылары мен ата-аналары қатысты.
Мақсаты: оқушыларды жеке тұлға ретінде көрсете отырып, қоғамның маңызды тұлғасы сезімін санасына сіңіру және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, көңілдерін сергіту.
Шара барысында оқушылар “Мен қазақтың ұлымын”,жетіген аспабымен “Қыздар, қыздар”, хормен “Бала тілегі” әндерін орындап, мерекеге орай салған суреттері мен жүрек жарды жылы лебізін арнап, қара өлеңді нақышымен жолдады.
Логикалық ойнау қабілетін дамыту мақсатында “Бинго”, “Суреттегі айырмашылықты тап” ойындарына белсенділікпен қатысты.