previous arrow
next arrow
Slider

Ұрпаққа мұра

 

КОБ Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Ұрпаққа мұра» естелік акциясы барысында №2 мектеп музейінің қорындағы Ақтөбе қаласында құрылған 312 атқыштар дивизиясына қатысты экспонаттардан жасақталған көрме өтті.

Көрмеге 312 атқыштар дивизиясының командирі Александр Наумовтың әскери кителі мен бас киімі, жауынгерлерінің мерейтойына сыйлаған фотоальбомы мен ат мүсіні, аталмыш дивизия құрамында болған Әлия Молдағұлованың нағашы ағасы Бисембай Хабиевтің  плащі, орден-медальдары бар костюмі( қызы Ария Бисембайқызы көрмеге уақытша берген), 17 жауынгерді аман алып қалған Пелагея Брагина фотосы мен кітабы, ұрыс даласында жерлес жауынгерлеріміздің қаны тамған топырақ салынған құты  т.б. жауынгерлердің  жәдігерлері қойылды.

Көрменің ашылу салтанатына 312 атқыштар дивизия жауынгерлерінің ұрпақтары Влас Сысоенконың қызы Райса Власқызы, Әлияның нағашы ағасы, әрі дивизия тергеушісі Бисебай Хабиевтің қызы Ария Хабиева, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының жетекшісі Гумер Галиев пен  №2 мектеп – гимназиясының директоры Сәния Данишева мен музей жетекшісі Римма Убайдулина және аталмыш мектеп оқушылары қатысты.

Көрме мақсаты: Ақтөбеде жасақталған 312 атқыштар дивизия жауынгерлерінің  ерлігін ұлықтау, мектеп музейінде жинақталған жәдігерлерді қалың көпшілікке насихаттау.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.