previous arrow
next arrow
Slider

«Отбасымен музейге барайық» - «Музейдегі түн - 2023» мәдени-ағарту шарасы

18 мамыр күні  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Халықаралық музейлер күніне орай, «Отбасымен  музейге  барайық» - «Музейдегі түн - 2023» мәдени-ағарту шарасы өтті.

Музей түні  кешкі 19.00-ден 24.00-ге дейін жалғасты. Музей түні  қорымызда сақталған  Әлия Молдағұловамен бірге мергендер мектебінде оқыған мерген қыздардың оқу-жаттығу  кезіндегі түскен фотоларының көрмесімен басталды.

Жергілікті «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының іздестіруші мүшелерінің ұрыс  даласынан, экспедиция барысында әкелінген  қару-жарақ түрлерінен, музейге жеке жинағынан Нұрбек Айбатулин тапсырған «Соғылған болат темірден» - әскери  үлгідегі танкілердің  мини-макеттерінен , музей қорында жинақталған 20-дан астам жауынгерлік каскалардан, жауынгерлердің ас мәзірінен көрмелер жасақталды.

«Елге Жеңіс әкелген...» цикл  аясында М.Оспанов атындағы Батыс -Қазақстан Медициналық Университетінің тәжірибелік дағдылар орталығының оқытушылары Қаршыға Сембаева мен Дарья Досқабыловалар төтенше жағдайлар кезінде Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуден шеберлік сағаттарын өткізді. Әл-Фараби атындағы №21 мамандырылған гимназия мектебінің 11 класс оқушысы Тоғжан Сарина мен Ақтөбе индустриалды – кәсіптік  колледж студенттері автоматты шашып-жинауды келушілерге үйретіп, уақытқа жинап жарысты. Ал,  «Әлия» іздестіру тобының мүшелері плащ-палатка құрып, соғыс далаларындағы қару-жарақтарды жаңа технологияларды пайдалану (металлоискатель) арқылы іздеу әдістерімен бірге, оқ-дәрілердің немістердікінен айрымашылықтарын көрсетті.

«Музей жаршысы» - Ұлы Отан соғысы  жылдарындағы  плакаттар,  хабарламалар, афишалардан жасалған  жарнамалық тумба қойылып, «Әскери дала поштасы» - майдан даласынан келген хаттар мен музей қорындағы  патефондарға арналған ескі пластинкалардан инсталляция көрсетілді.

 «Білгенге маржан...» викториналық ойындарға кішкентай келушілеріміз қатысып, соғыс тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап беріп,  шағын сый-сяпаттарға ие болды. Ұлы Жеңіс әндерінен  патриоттық  әндер караокесі ұйымдастырылып, музей ішіндегі жертөледе(блиндаж)  сырнаймен Жеңіс әуендері шырқалып, халық бір серпіліп қалды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.