previous arrow
next arrow
Slider

Отан үшін от кешкендер

9 мамыр  Жеңіс  күніне орай Әлия  музейі мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Алға аудандық  бөлімімен бірлескен «Отан үшін от кешкендер» атты кездесу шарасы өтті.

Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған әкелеріміз бен аталарымыздың  рухына бас иіп, үнсіздік жариялады.

Сонымен  қатар    соғыс  ардагерлерінің ұрпақтары, зейнеткер  ұстаз  қазақ  тілі  қоғамының  төрайымы  Татьяна  Ерғалиқызы,  Мира Алдиярқызы Едрисовалар қатысып,әкелері туралы естеліктермен бөлісті.

Шараға  музей қорынан «Әлия-қаһармандық дастаны» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылып музей қызметкерлері С.Тажбенова, А.Тугулгалиева, А.Тұралиевалар Батыр қыздың өмірі мен ерлігіне қатысты мәліметтер келтіре отырып,  экскурсия  жүргізді.

 Алға  аудандық  қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің  инспекторы Көпесова  Сәуле  Ергенқызы  шараның жас ұрпаққа  тәрбиелік мәні зор  деп ризашылығын білдірді.

Көрмені Алға мектеп гимназиясы, №1 Алға мектебі,  В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі,  Алға қалалық №3 қазақ орта мектебі, №4 Алға орта мектебі оқушылары  тамашалады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.