4 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай облыстық Полиция департаментінің «Даңқ» музейімен бірлесіп, полиция қызметкерлері мен ардагерлердің қатысуымен «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік кездесу өтті.
Кездесу кешіне ішкі істер органдарының ардагерлері, арнайы жедел әрекет ету отряды «СОБР» және полиция қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Ақтөбе облысының полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Д.Сәрсебаев, Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Дәулеталин құттықтау сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді.
Шара қатысушыларына Әлия Молдағұлованың мемориалды музейіндегі қор бөлімінен жылжымалы көрме апарылып, экскурсия жүргізілді.