9-мамыр – Жеңіс күні қарсаңында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі @zhambyl.museum Әлия Молдағұлованың мемориалды музейіне «Ата аманатына адалдық» атты жылжымалы көрмесімен келді.
Бүгін көрменің ашылу салтанатында ақын Жамбыл Жабаевтың немересі, аталмыш әдеби-мемориалды музейдің директоры Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы бастаған ұжым ақынның көзі тірісінде ұстаған заттары мен құнды дүниелерімен таныстырды.
Жылжымалы көрменің ашылу салтанатына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың нағашы туыстары - Сапар Молдағұлов, Ария Бисембаева, ақынның шөбересі Тезекбай Қарлығаш, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты: 1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысы кезеңінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халқына дем беріп, рухты жырын арнаған ақынның болмысын ұлықтау, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қорындағы жәдігерлерді көрермен назарына таныстырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.