17 наурызда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Ырысын шашқан Наурыз!» атты меркелік шара өтті.
Шараға тарихшы, өлкетанушы Бекарыстан Боранқұлұлы Мырзабай, Аналардың «Дәстүрге жол» Қазақстан Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Әлия – Маншүк – Хыйуаз» әскери патриоттық қыздар клубының «Халықтық ұжым», «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі, Қ.Жұбанов атындағы университетінің студенттері, №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқытушысы Асель Алекешова, №1, 34 орта мектептің оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің шығу тарихынан, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында жас ұрпаққа мәлімет беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет - ғұрыпын оқушылардың бойына сіңіру. Ұлттық құнды мұраларымызды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрете отырып патриоттық сезімін ояту.
Шара барысында қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасына сай үлкендеріміз шашу шашып, бата беріп, мерекелік күннің шығу тарихынан ақпарат берді. Ұлы күнді ұлықтау мақсатында қазақттың ұлттық биі, күйі, әні орындалып, оқушыларға салт-дәстүрімізден, әдет-ғұрыпымыздан, ұлттық ойындарымыздан, көнерген сөздерден жасырылған сергіту сәті өткізілді.
Мерекелік шара төл мәдениетіміз бен ұлтымыздың рухани дамуына үндестік жасап, қазақ халқы тарихының сан ғасырдан жалғасқан құндылықтарын насихаттады.