16 наурызда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен @aliya.muzeyi және @kondybai.museum парақшаларында «Серікбол музейі – миф әлемі» атты тақырыпта көпшілікке Серікбол Қондыбай Маңғыстау облыстық мемориалды музейінің экскурсиясы таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты: Тұлғалық музейлердің ынтымақтастығын күшейту. Еліміздің түкпір-түкпірінде дүниеге келген қазақ саңлақтарының өмірі мен ерен еңбегін сол өлкенің тарихымен ұштастыра оқырмандарымызға кең ауқымда таныстыру.
Іс шараға музей қызметкерлері, парақша оқырмандары қатысты.
Экскурсияда Серікбол Қондыбайға тиесілі болған, өзі пайдаланып тұтқан бұйымдары мен заттары, шығармашылығы, жеке кітапханасы, XV том кітабы, 72 қолжазба дәптерлері таныстырылды.