previous arrow
next arrow
Slider

«Алғыс айту – асыл қасиет!»

1 наурызда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастырылуымен «Алғыс айту – асыл қасиет!» атты алғыс айту күніне орай №27 орта мектеп-лицейі оқушылары өз ризашылықтарын білдірді.

Шара барысында алғыс айту күнінің мән-мағынасы, шығу тарихы туралы ақпарат берілді. Әрі қарай оқушылар Отанына, ата-анасына, бауырларына, достарына, ұстазына, туған-туыстарына деген ыстық сезімін сурет салу, ақын-жазушылардың өлең жолдарынан мәнерлеп оқу, эссе, тілек жазу арылы жеткізді. Шара барысында кейбір оқушылар өз ата-анасына байланыс жасап, өздерінің алғысын білдіріп, ыстық тілектерін жеткізді.

Мереке күніне орай мектеп оқушыларына музей ұжымы тарапынан алғыс білдіріліп, тәтті сыйлықтар ұсынылды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.