17 ақпанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Мен және менің құқығым» атты Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында музейдің экскурсоводы Ә.Амангелді және Ақтөбе облысы әділет департаментінің бөлім басшысы Убишев Тимур Жұбанышұлы баяндама жасады. Студенттерге «құқық», «заң» түсінігі туралы толық ақпарат беріліп, ҚР-дағы Заңдардың қолданыстағы өзектілігі, ондағы болып жатырған жыл сайынғы өзгертулер мен түзетулер турасында бірқатар ақпараттар берілді.
Адам, оның өмірі, құқығы және еркіндігі басты құндылық болып саналатындығы басты назарда болып, оның заңдық жүйемен қорғалатындығын баса айтты. Сондай-ақ заң адамға бірқатар міндеттерді де жүктейді. Халықаралық байланыстың да басты факторы болып саналатын бұл жүйе әлемелдерінің татулығын нығайтып отыр. Құқық, заң салсының болашақ маман иелері өз тарапынан ой-пікірлерімен бөлісіп, еліміздің адал, сенімді, патриоттық рухы биікттер тұлға ретінде қалыптасуына қосымша білім алды.