previous arrow
next arrow
Slider

«Бейнелеу өнерінің алыбы» атты еске алу кеші және жеке сурет көрмесі өткізілді

3 ақпан күні музейде ақтөбелік суретші С.Әлімбетовтің 70 жылдығына арналған  «Бейнелеу өнерінің алыбы» атты еске алу кеші және жеке сурет көрмесі өткізілді.

С.Әлімбетов - КСРО, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Бейнелеу өнерінің профессоры, «Әлем халықтары өнері» халықаралық ассоциациясының лауреаты, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы және қала елтаңбасының авторы.

Мақсаты: суретші Сағынтай Әлімбетовтың шығармашылығымен таныстыру, туындыларын көпшілікке көруге мүмкіндік жасау. Жастарды суретшінің шығармашылығы үлгісінде отансүйгіштікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.

С.Әлімбетов 1953 жылы 3 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Красная звезда» ауылында дүниеге келді. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1987). Алматы көркемсурет училищесін (1977), Қазақтың Абай атындағы университетінің көркемөнер факультетін (1990) бітірген.

1977-1984 – Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің оқытушысы.

1984-1988 – Ақтөбе қалалық балалар көркемөнер мектебінің оқытушысы.

1993-1995 – Қ.Жұбанов атындағы университетінің көркемөнер факультетінің деканы.

Республикалық, халықаралық көрмелерінің, Суретшілердің Бүкілодақтық фестивалінің (1988, Саха Республикасы) қатысушысы.

Суреттері Қазақстан-Ресей Мәдениет министрліктерінің, Қазақстан Суретшілер одағының қорында, КР Президентінің резиденциясында, АҚШ, Франция, Австрия, Голландия, Түркия азаматтарының жеке қорында сақтаулы.  

Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, ақтөбелік суретшілер шақырылды. Сонымен қатар,  Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің көркемсурет және дизаин факультеті оқытушылары мен студенттері, С.Байшев атындағы университеті, Шығармашылық академиясының, Қалалық көркемсурет лицейінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Шара барысында суретші өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беріліп, слайдтар көрсетілді. Замандастары мен жұмыстастарының ол туралы айтқан естеліктері тыңдалды. С.Әлімбетовтың жары Жұмағайша Әлімбетова қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі.

Ақтөбе облысының дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығының басшылығымен С.Байшев атындағы университеті және Ақтөбе сервис колледжі студенттерінің шығармашылық жұмыстарының ұлттық нақыштағы жиынтық дефилесі өтті. Шара қонақтары суретшінің туындыларынан жеке көрмесін тамашалады (30-қа жуық картина).

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.