previous arrow
next arrow
Slider

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізілді

1 ақпанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сарапшысы Ә.Қ.Жақсығалидың қатысуымен мекеме қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Мақсаты: семинар барысында  «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» талқылап, түсіндіру жұмыстары жүргізді. Жиын барысында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық пен қоғамдағы парақорлық турасында сөз қозғап, жемқорлықтың алдын алу негіздері атап өтілді. Қандай да бір заңсыз төлемдерді ұсыну қажет болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алатындықтарын ескертті.

Өңіріміздегі бірден-бір мәдени орталықтың ошағы саналатын мекеме ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде ақпараттар дәріптеліп, брошюралар қалдырылды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.