27 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград қоршауының аяқталған күніне орай «Ленинградтық өренім» - тарихи-танымдық шара өтті.
Мақсаты: Ленинград қаласын азат етуге қатысқан қазақстандық жауынгерлерден құралған дивизиялар мен бригалдалардың ерлік жолдары мен Ленинград қоршауы кезіндегі халықтың тұрмысы туралы кеңінен айту. Өскелең ұрпақ арасында жастардың патриоттық сана-сезімін көтеру.
Тарихи-танымдық шараға Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым-хатшысы Ержанов Арман Құдайбергенұлы мен «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Талжанов Қайрат Әбенұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарихшысы Аликулова Нұрлыгүл, №13 орта мектебі мен №27 орта мектеп лицейінің оқушылары, дәстүрлі әнші, термеші Кульманова Нурзат Арыстанқызы, Әскери-техникалық мектептің сарбаздары, «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымының мүшелері және кординаторы Калменова Гүлназ қатысты. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Жамбыл және Ұлы Отан соғысы» тақырыптық кітап көрмесі қойылды.
Ұлы Отан соғысында Ленинград үшін шайқас 1941 жылғы 8 қыркүйекте басталып, 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Қалаға жеңіс толығымен 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана келді. Яғни қала осы уақытқа дейін жау қоршауында болды. Ленинград халқы 900 күн қасірет шекті.