previous arrow
next arrow
Slider

«Жаса, жаңа Қазақстан!» атты тарих және құқық негіздері апталығы өтті

23-24 қаңтар күндері аралығында №13 орта мектепте «Жаса, жаңа Қазақстан!» атты тарих және құқық негіздері апталығы өтті.

Апталық барысында «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен ерлік жолдарынан тың деректер келтіріліп, лекция және экскурсия жүргізілді. Әлия Молдағұлованың мемориалды музейіндегі қор бөлімінен жылжымалы көрме қойылды.

Аталған шараға мектептің ұстаздар ұжымы, 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Көрме, лекция, экскурсияны Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері Римов Алмаз пен Тугулгалиева Адина жүргізді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.