Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 79 жыл толуына орай «Құшағына алып жатыр Жер-Ана» атты еске алу кеші өтті. Аталмыш кеште Әлия Молдағұлованың нағашысы Сапар Молдағұлов батыр қыз туралы естеліктер келтірсе, М.Оспанов атындағы медициналық университетінің әскери кафедра оқытушысы, запастағы подполковник Жұмашев Бауыржан Айдынғалиұлы, ҚР-ның ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары Айнұр Серікқызы және №13 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сырым Байдрахманов қайсар мергеннің ерлігін насихаттау жалғасын таба беретіндігін баяндап берді.
Еске алу кешінде қаһарман қыздың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, музей қорында сақталған экспонаттар қойылып, тематикалық слайд пен документальды фильмнен үзінді көрсетілді. Нағашы ағасы Бисембайға жазған хаттарынан көрініс көрсетіліп, батыр қызға арналған өлеңдер оқылды.
Еске алу кеші «Әлия» әнімен аяқталып, Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.